/ рус / eng

Арнау:

- Мұнай мен газ ұңғымаларын игеру мен жөндеу;

Орындалатын операциялар:

- Бір ұңғымадан екіншісіне жедел әрекетті жылжу;
- Негізгі және қосымша жүкшығырмен саға жабдығын жинақтау мен бөлшектеу;
- Сорғы штангаларымен, сорғы-компессорлы және бұрғылау құбырларымен түсіріп-көтеру операциялары;
- Сорғы-компрессорлы және бұрғылау құбырлары колоннасын механикалық бұрау және бұрап алу;
- Діңгек монифольды арқылы ұңғымаларда цемент көпірлер қою;
- Механикалық немесе гидравликалық жетегі бар ротормен құм кептелісі мен цемент көпірлерді бұрғылау;
- Ловильді және басқа жұмыс түрлері;
- Діңгек монифольды арқылы ұңғымаларды жуу;
- Апаттың әсерін жою;
- Бұрғылау жабдығының ұңғымаға түсіп кеткен металл бөлшектерін жоңғылау;
- Бұрғылау жұмыстары аяқталғаннан кейін ұңғыманы игеру.

Құрылымдық ерекшеліктерімен артықшылықтары:

- Бұрғылау жүкшығыры арқанды біркелкі орауды қамтамасыз ететін арқанқаптағышпен жабдықталған;
- Бұрғылау жүкшығырының авариялық жетегін қосу үшін ернемек қарастырылған;
- Қозғалтқыш шассиін авариялық сөндіру қондырғысын күзет орны операторынан немесе шығарылма пульттан іске қосу;
- Діңгектің жоғарғы секциясын шығару қашықтан басқару пульті бар гидрожетекті жүкшығыр арқылы жүзеге асады;
- Көмекші жұмыстар жүргізу үшін гидрожетекті жүкшығыр қолданылған;
- Екі жақты әрекеті бар қондырғыны шығару гидродомкраттары;
- Жетек роторының қосбағытты бәсеңдеткіші орнатылған;
- Жетек роторының байпан пневматикалық тежегіші қарастырылған;
- Бұрғылау жүкшығырының тізбекті жетегі жабық майлы ваннада орындалған;
- Екі нобайлы гидравликалық жүйе:
1-нобай көмекші операцияларға арналған (қондырғыны шығару,діңгекті көтеру,жоғарғы секцияны шығару,гидроүлестіргіштің жұмысы,көмекші жүкшығырдың жұмысы)
2-нобай –гидроротордың жұмысы,гидравликалық кілттің жұмысы.

Базалық жинақтау:

- КрАЗ 65053 шассиі;
- Арқанқаптағышы және авариялық жетекті ернемек қосуы бар бұрғылау жүкшығыры;
- Діңгек;
- Гидробекіткіш;
-  ИВЭ -50-20  айғақтауыш таразы;
- Панасы бар оператор күзет орны;
- Көмекші жүкшығыр;

Техникалық сипаттама

Көтерме қондырғы  
Ілмектегі ең көп шақтамалы жүктеме кН (тс) 785 (80)
Бұрғылау ұңғымасының шартты тереңдігі, м 2000 ( 24 кг/м бұрғылау бағанасы)
Игеру мен жөндеу кезіндегі бұрғылау ұңғымасының шартты тереңдігі 4000 метр (НКТ 14 кг/м)
Орнатудың құрастырма-транспорттық базасы: КрАЗ-65053
Механизмдер жетегі Шасси қозғалтқышынан
Бұрғылау жүкшығыры: Бірбарабанды, дискілі (белдікті) пневматикалық жалғастырғыш, екі жылдамдықты тізбекті жетегімен.
- шынжыр екі қатарлы
- беріліс саны 4 (оператор күзет орнынан басқару)
- тартым күші, кН (тс) 132,4 (13,5)
- ілмекшығыршықты көтеру жылдамдығы, м/с 0,2...1,54
- жүкшығыр тежегіші Екіжелілі - қалыпты қол и пневматикалық жетек
Діңгек: екісекциялы – телескопиялық, алдыңғы ашық граньді
- жерден ілмекшығыршықтың белдігіне дейінгі биіктік , м 23,6
Тальды жүйе:
- әбзел 3 х 4
- полиспаста еселігі 6
Көмекші гидрожетек жүкшығыры:  
- ілмектегі шақтама жүктеме, кН (тс) 29,4 (3)
Қондырғы тұғыры: Артқа ашылатын екі жақтан айналма көпіршелері және деңгейөлшегіші бар.
- пост оператора Желді паналағышымен.
Гидрожүйе: Ггидробактағы майды қыздырғышымен
- сорғылар саны 2
- жұмыс қысымының ауқымы, (кгс/см2) 160-200
Шығару домкраттары: Гидравликалық, екіжақты әрекетімен
Пневможүйе: Шасси пневможүйесінен қоректенген.
- жұмыс қысымы, (кгс/см2) 7
Транспорттық жағдайдағы қондырғының габариттік мөлшері, мм 14 000 х 2 800 х 4 000
Транспорттық жағдайдағы салмағы, кг, көп емес 31 500

Опциялар-тапсырыс бойынша әкелінуші,жинақтамада көтерме қондырғысы бар қосымша жабдық:

- Діңгегінде гусагы бар тікқұбыр манифольды;
- КРС-ке арналған роторасты негіз;
- Тірек тақтасы;
- КПР-12П кілті сорғы-компрессорлы  құбырларды  бұрау және бұрап алу;
- Механикалық ротордың қосбағытты бәсеңдеткіш жетегі;
- КМБ-М машиналық бұрғылау кілті;
- Пневмо және гидрожетекті спайдер; РГП-140жетегі;9УПА51 айқаратопса жетекті ротор;
- Р-250 және Р-400 карданды жетегі бар ротор;
- ВБ-80 ұршығы;
- 9 м бұрғылау жеңі;
- Штроп жинақтамасы;
- Сорғы-компрессорлы  құбырлар мен штангалар кілті;
- Қосымша гидравликалық босатқышы бар бұранда қосылысы;
- КРС үшін биіктігі реттелінетінқосымша гидравликалық бекіткіш;
- Қабылдау көпірі;
- Шлам сыйымдылығы;
- Құрал-сайман жәшігі.

ПЗТМ 2012-2023 ж.